Четверг, 4 сентября, 2025

Еңбек адамы

ЕҢБЕК АДАМЫ – БАЙДАУЛЕТОВ ЖАҢАБЕК МОЛДАБЕКҰЛЫ

Ел экономикасының негізі – ауыл шаруашылығы десек, сол саланың дамуына маңдай терін төгіп, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан жандар аз емес. Солардың бірі – Ақтерек ауылының ардақты азаматы, еңбекқор механизатор Байдаулетов Жаңабек Молдабекұлы.

Жаңабек Молдабекұлы 1963 жылы Ақтерек ауылында дүниеге келген. 1980 жылы өзі туып-өскен ауылындағы орта мектепті тәмамдап, 1981 жылдың сәуір айында Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына аттанады. 1983 жылы әскери міндетін абыроймен аяқтап, туған ауылына оралады.

Еңбек жолын сол жылы «Ақтерек» қой совхозында бастаған Жаңабек Молдабекұлы ауыл шаруашылығы саласындағы қиындықтар мен өзгерістерге қарамастан, еңбек етуден еш тайынбады. 1983 жылдан 1996 жылға дейін совхозда тер төгіп, кейін «Ақтерек» өндірістік кооперативінде 2007 жылға дейін үздіксіз қызмет атқарды. Ал 2007 жылдан бері «Ақтерек» шаруа қожалығында механизатор ретінде еңбек етіп келеді.

Тәжірибелі маман, жауапкершілігі мол еңбек адамы ретінде Жаңабек Молдабекұлы ауылдастарының арасында зор құрметке ие. Ол – бір іске кіріскенде тындырымдылығымен, еңбекке деген адалдығымен ерекшеленетін жан.

Жаңабек Молдабекұлының еңбегі – жастарға үлгі, келешек ұрпаққа өнеге. Осындай еңбек адамдары барда ауылдың да, елдің де болашағы баянды болмақ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments