«Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі» дейді халық даналығы. Елге сыйлы, құрметке лайық адамның бағасы — адал еңбек, маңдай тер. Кәсіби шыңдалу жолында түрлі ізденістер мен талпыныстар арқылы өз мамандығының шебері болудың жөні бөлек. Еңбек адамы деп Жамбыл ауылының тұрғыны Тажиева Нұргул Нұрахметқызын айтуға болады.
Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл ауылдық кеңесте машинист-хатшы, 1995 жылдан 2002 жылға дейін быткомбинатта тігінші болып жұмыс атқарған. 2002 жылы шаштараз оқуын оқып шаштараз мамандығын игеріп 23 жыл абыроймен осы салада жұмыс атқаруда. 3 ұлдың анасы.
Еңбек адамы
