Еңбек адамы деп — өз кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Мінеки, осындай адам деп Жамбыл ауданы Аққайнар ауылының тұрғыны Оспанбаев Бахыт Канатұлын айтуға болады.
Оспанбаев Бахыт Канатұлы 1975 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Қарақыстақ ауылында «Жанай» ШҚ-да трактор, комбайн жүргізушісі мамандығынан бастаған, қазіргі уақытқа дейін сол шаруа қожалығында жұмысын атқарып жүр. Техниканың барлық түрлерін жетік меңгерген, трактор, комбайн, жүк көліктерін жөндеу — өзінің сүйікті ісі.
Оспанбаев Бахыт 5 баланы тәрбиелеп өсірген ардақты әке, аяулы жар, немерелеріне мейірімін төккен ата атанып отыр. Қызмет жолында енбекқорлығы мен адалдығының арқасында ауыл
тұрғындарының алғысына бөленіп, ел құрметіне ие болып жүр.
Еңбек адамы
