Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Өзінің адал еңбегімен жанұясын бағу, ұрпағын өсіру. Екіншіден, ол қоғамға белгілі түрде пайда әкелетін адам.
Сондай адамдардың бірі ол- Жамбыл ауданы Үлкен ауылының тұрғыны Теряев Владимир Алексеевич. Ол 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы KEGOC-ка (Акционерное общество «Казахстанская компания по управлению электрическими сетями» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)) дежурный инженер болып жұмыс бастады.Бұл компанияда жұмыс істеп отырғанына міне 31 жылдан асыпты.
Тынымсыз еңбек еткенінің арқасында жұмысы алға басып отыр, Теряев Владимир өз ісінің шебері, жұмысына жауапкершілікпен қарайды.
Бір отбасының тірегі, әкесі, бір қызы мен бір ұлы бар. Нағыз еңбек адамы.