Site icon ATAMEKEN

Еңбек ардагерінің ерікті таңдауы

Райымбек ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жалғасуда. Сайлау учаскелеріне аудан тұрғындарымен қатар, елге еңбегі сіңген ардагер азаматтар да келіп, өз таңдауын жасауда.Солардың бірі – «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Паша Ангелина атындағы Бүкілодақтық байқаудың жүлдегері, тұңғыш әйел-механизатор Күлбара Башебаева.Ардагер №783 сайлау учаскесінде дауыс беріп, Құрылтай сайлауының ел өміріндегі маңызы туралы өз пікірін білдірді.«Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Мұндай кезде әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, елдің ертеңі үшін өз пікірін білдіруі керек. Бүгінгі таңдаудың нәтижесі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, елдің дамуына әсер ететін шешімдерге байланысты. Сондықтан сайлауға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігі деп ойлаймын. Мұндай кезеңде ел-жұрттың бірлігі аса маңызды», – деді Күлбара Башебаева.Еңбек ардагері жастардың да ел өміріне белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті.

Exit mobile version