Ақсеңгір ауылдық округі, Ақсеңгір ауылының тұрғыны, дәнекерлеуші Виктор Анатольевич Шевченко 1959 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. 1970 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Ақсеңгір ауылында оқып, өсіп, отбасын құрған. 1977-1979 жылдары Германияда әскери борышын өтеген. 1980-1982 ж Кировск қаласындағы Ленинград мемлекеттік кәсіптік училищесінің «газ және электр дәнекерлеуші, слесарь» мамандығы бойынша оқуын оқып, дипломын алған.
Еңбек жолын 1982-2010 жылдары МТМ-да (машина-трактор шеберханасы) дәнекерлеуші болып жұмыс атқарды. Ол бүкіл саналы ғұмырын дәнекерлеуші мамандығына арнады.
Виктор Анатольевич – өз ісінің шебері, оның қолынан шыққан әрбір жұмыс – сапа мен кәсібиліктің айқын үлгісі.
Ол отбасында үлгілі әке, қамқор ата. Ауыл тұрғындарының барлығына дерлік жылыту пештерін өз қолымен орнатуда. «Адам еңбегімен бағаланады. Бұл дүниеде бәрі ұмытылады, өтіп кетеді, бірақ олар менің еңбегімді мәңгі есте сақтайды, әр үй жылылыққа толы, бәрі де сол үшін маған алғыс айтады» — дейді Виктор Анатольевич.
Қазір ауылға білікті жұмысшы мамандар керек. Мамандығыңды дұрыс таңдап, туған жеріңе қызмет ету – үлкен абырой!” – деп, жас буынды еңбекқор болуға шақырды.
Осындай өз ісінің нағыз шеберлері еліміздің өндірістік дамуына үлес қосып, еңбегімен елге үлгі болуда!
Еңбек – елдің ертеңі!