Site icon ATAMEKEN

Еңбек саласындағы құқықтық кепілдіктер күшейтілді

Қазақстанда еңбек қатынастарына қатысты жаңа нормалар күшіне енді.

4 тамыздан бастап еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған өзгерістер қолданыла бастады. Соған сәйкес қызметкерлердің құқықтарына жеке өмірге қол сұқпаушылық, сондай-ақ еңбек саласында ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау құқығы енгізілді.

Жаңа нормалар жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынаста құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған. Бұл ретте еңбек қатынастарының барлық тарапына заң талаптарын сақтау және өз құқықтары мен міндеттерін білу маңызды.

Еңбек саласындағы құқықтарды қорғау – заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру еңбек дауларының алдын алуға және заңды еңбек қатынастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Exit mobile version