Site icon ATAMEKEN

Ең қарт қазақстандық әйел – 116 жаста: ұзақ өмір сүрушілер ең көп қай өңірде тұрады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 100 жастан асқан 300 азамат тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Ұлытау облысында тұрады. Ол биыл 116 жасқа толған.

«Еліміздің ең ірі мегаполисі — Алматы қаласында ұзақ өмір сүрушілер саны ең көп. Мұнда 100 жастан асқан 41 адам тұрады», — деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 3 қазанда.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында Түркістан облысы тұр. Онда 32 адам тұрады. Үшінші орында — Алматы облысы. Бұл өңірде 100 жастан асқан 25 тұрғын бар.

Қазақстанның ең қарт үш тұрғынының қатарына Ұлытау облысының 116 жастағы, Павлодар облысының 114 жастағы және Қостанай облысының 111 жастағы тұрғындары кірді.

Статистикаға сәйкес, биылғы жылдың басында Қазақстандағы 60 жастан асқан азаматтардың саны 2 923 472 адамды құрады. Бұл — ҚР халқының 14,2%-ы.

Exit mobile version