Жуырда ЮНЕСКО қамқорлығындағыХалықаралық Мәдениеттерді жақындастыруорталығында қазақ әдебиеті мен драматургиясының белгілі өкілдерінің бірі, жазушы, драматург, Қазақстан РеспубликасыЖазушылар одағының мүшесі, Ұлттық «Сахнагер» сыйлығының иегері (2017), ҚазақстанныңМәдениет саласының үздігі (2021), Халықаралық«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2022) Мадина Омаровамен шығармашылық кездесу өтті. Әдеби-мәдени басқосу оқырмандар мен жасқаламгерлерді, театр мен әдебиетке қызығушықауымды бір алаңға тоғыстырған мазмұнды руханикешке айналды.
Кездесуді қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы жүргізді. Бұл басқосуға белгілі журналист Қанат Әуесбайұлы, драматург Жәнібек Әлікен, жазушы Сағадат Ордашева, қоғам қайраткері Ерболат Алиядин және басқада мәдениет саласындағы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында қонақтар Мадина Омарованың қазақ әдебиеті мен драматургиясындағы орны, қазіргі әдеби үдерістегішығармашылық ізденістері, театр саласындағыеңбегі туралы пікір білдірді.
Кездесудің негізгі бөлігінде жазушы бүгінгі қазақәдебиетінің даму бағыты, қазіргі драматургиядағытақырыптық ізденістер, ұлттық құндылықтардыңкөркем шығармадағы көрінісі жөнінде ой қозғады. Ол әдебиет пен театрдың қоғамдағы руханиқызметіне тоқталып, драматургия жанрыныңерекшеліктері, пьеса жазудың ішкі құрылымы мен шығармашылық жауапкершілігі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар театр сахнасына шығарма ұсынубарысында автор мен режиссер арасындағыбайланыс, көрермен сұранысы және қойылымныңөміршең болуының басты шарттары жайында да кеңінен сөз болды.
Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтаркездесудің мазмұнын тереңдете түсті. Әсіреседраматургтің театрдағы жұмыс процесі, шығарманың сахна тіліне бейімделуі, қазіргі жасдраматургтер мен жазушылардыңшығармашылығы, әдеби ортадағы жаңатенденциялар туралы сауалдар көпшілікқызығушылығын тудырды. Мадина Омарова жасқаламгерлердің ізденісіне оң бағасын беріп, әдебиетке келудегі жауапкершілік пен үздіксізеңбектің маңызын атап өтті. Сондай-ақ олшығармашылық жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, әдебиетке қызығатын жастарға өз кеңестерін айтты.
Кеш барысында ерекше әсерлі сәттердің бірі — Мадина Омарованың Кемел Тоқаев атындағы«Кемел ата Кемеңгер» төсбелгісімен марапатталуыболды. Марапатты ЮНЕСКО қамқорлығындағыХалықаралық Мәдениеттерді жақындастыруорталығы директорының орынбасары ӘшімоваСалтанат Әлиякпарқызы табыстап, жазушыныңқазақ әдебиеті мен драматургиясына қосқан үлесінерекше атап өтті. Өз сөзінде ол Мадина Омарованың шығармашылығы ұлттық әдебиеттіңдамуына серпін беріп, оқырман мен көрерменніңрухани дүниесіне әсер етіп келе жатқанын айтты.
Мадина Омарова — қазіргі қазақ әдебиетіндегіөзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгерлердіңбірі. Оның «Ана ғұмыр» («Жалын» баспасы, 2011), «Қадір түні» («Жалын» баспасы, 2013), «Көмбенанның дәмі» («Алматы-Болашақ» баспасы, 2020), «Менің қаһарман шөберем» («Абай» баспасы, 2022), «Менің қаһарман шөберем» («Жалын» баспасы, 2022) атты кітаптары оқырман қауымтарапынан жылы қабылданған. Қаламгершығармаларында адам тағдыры, рухани ізденіс, ұлттық болмыс секілді тақырыптарды тереңқозғайды.
Бүгінде Мадина Омарова М. Әуезов атындағыҚазақ ұлттық драма театрында Әдеби-драма бөлімінде қызмет атқарып келеді. Оның театр саласындағы еңбегі мен драматургиялықшығармалары қазақ сахна өнерінің дамуына өзіндікүлес қосып отыр.
Шығармашылық кездесу еркін пікір алмасуформатында өтіп, қатысушылар үшін рухани әрітанымдық маңызы зор кеш болды. Әдебиет пен театрдың бүгінгі жай-күйі талқыланған бұл басқосудың соңында Нағашыбек Қапалбекұлы жас жазушы, драматургтерге өзінің жылы тілегін білдірді.
