Site icon ATAMEKEN

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ЧАЛДАНБАЕВА Айнагуль Несипбаевнаның 2026–2031 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
«Мәдениеті өркендеген ауыл – болашағы жарқын ел!»
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың жарқын келешегі – білімді ұрпақтың, рухани бай қоғамның, туған жерінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың және ел игілігі үшін адал еңбек ететін тұрғындардың қолында.
Ауылдың дамуы тек әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, оның мәдениетімен, ұлттық құндылықтарының сақталуымен, жастардың белсенділігімен және тұрғындардың өмір сүру сапасымен де өлшенеді.
Әрбір баланың сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына, ұлттық өнер мен мәдениетті танып-білуіне қолайлы жағдай жасау – баршамызға ортақ маңызды міндет.
Сонымен қатар ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру – ауданымыздың тұрақты дамуының негізгі бағыттары.
Әрбір ауылдың өзіндік ерекшелігі, тарихы, мәдени мұрасы және шешімін күткен мәселелері бар. Сондықтан ешбір елді мекен назардан тыс қалмай, тұрғындардың ұсыныстары мен қажеттіліктері ескерілуі тиіс.
Мәдениет саласында еңбек ете жүріп, өнердің адамдарды біріктіретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін және қоғамның рухани дамуына ықпал ететін ерекше күш екенін терең түсіндім.
Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, мәдениет, білім беру, жастар саясаты, әлеуметтік қолдау және ауыл инфрақұрылымына қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал етуге күш саламын.
Басты мақсатым – туған ауданымыздың мәдениеті дамыған, ұлттық құндылықтары дәріптелген, жастарына мүмкіндігі мол, тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы өңірге айналуына өз үлесімді қосу.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділдік пен теңдік. Әрбір тұрғынның пікірін құрметтеп, әр ауылдың жағдайы мен қажеттілігін ескеру.
Адалдық пен жауапкершілік. Берілген сөзге берік болып, атқарылған әрбір іске жауапкершілікпен қарау.
Ашықтық пен сенім. Халықпен ашық пікір алмасып, тұрғындардың ұсыныстары мен сын-ескертпелерін назарға алу.
Мәдениет пен рухани құндылықтар. Ұлттық өнерді, салт-дәстүрлерді және халқымыздың мәдени мұрасын сақтауға әрі дамытуға ықпал ету.
Жастар мен шығармашылық. Жас таланттарды қолдап, олардың қабілеттерін шыңдауына және шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға атсалысу.
Бірлік пен ынтымақ. Елдің ортақ мүддесін жоғары қойып, мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылу.
Сіздердің әрбір пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңіз мен үшін маңызды. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді мұқият тыңдап, олардың шешілуіне өз өкілеттігім шеңберінде ықпал етуге дайынмын.
«Ауыл – мемлекеттің негізі, мәдениет – ұлттың рухани тірегі!»
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Чалданбаева Айнагүл Несіпбайқызы, 1986 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалағаш ауылында дүниеге келдім.
Қазіргі уақытта Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбай би ауылында тұрамын.
2008 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыкалық театр әртісі, кино және телевидение режиссері» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды өнер және мәдениет саласында жалғастырып, қазіргі уақытта Сарыбай би ауылдық мәдениет үйінің атқарушы директоры қызметін атқарып келемін.
Кәсіби қызметім барысында мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, концерттік бағдарламаларды дайындау және түрлі шығармашылық жобаларды жүзеге асыру бағытында тәжірибе жинақтадым.
Мәдениет саласындағы қызметім маған ұлттық өнердің маңызын, шығармашылық еңбектің құндылығын және халықпен тығыз байланыста жұмыс істеудің қажеттілігін терең түсіндірді.
Кәсіби қызметімде тәртіптілікті, жауапкершілікті, бастамашылдықты, ұйымдастырушылық қабілетті және үздіксіз дамуды басты қағидаларым деп санаймын.
Жұмыс барысында мәдени іс-шараларды сапалы ұйымдастыруға, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын қолдауға, жас таланттардың қабілеттерін ашуға және ауыл тұрғындарының мәдени өмірге белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлемін.
Мен үшін мәдениет – тек өнер көрсету алаңы ғана емес, ол – ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және қоғамды біріктіретін маңызды рухани күш.
Туған жерімнің дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнерді өркендету, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға атсалысу – менің басты азаматтық міндетім.
Қоғамдық қызметімде мәдениет ошақтарын дамытуға, жастардың бастамаларын қолдауға, ауылдардың әлеуметтік мәселелерін көтеруге және тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуға басымдық беремін.
Мен үшін қоғамдық қызметтің басты нәтижесі – халықтың сенімі, нақты атқарылған жұмыстар және туған жердің өркендеуіне қосылған үлес.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Тұрғындармен жүйелі түрде кездесулер ұйымдастырып, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдау.
Азаматтардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, олардың заң аясында қаралуына және шешілуіне ықпал ету.
Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу барысын бақылап, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға тұрақты ақпарат беру.
Жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге атсалысу.
2. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ықпал ету.
Жастар мен әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, өз ісін бастауына және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуіне қолдау көрсету.
Ауыл шаруашылығы мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамаларға жәрдемдесу.
Жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.
3. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін назарда ұстау.
Электр желілерінің жағдайын жақсарту және электрмен жабдықтау сапасын арттыруға ықпал ету.
Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын қолдау.
Қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігін арттыру және аялдамалардың қауіпсіздігін жақсарту мәселелерін көтеру.
4. БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және оқу кабинеттерін жаңартуға ықпал ету.
Білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуі мәселелерін назарда ұстау.
Балалардың сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдау.
Балабақшалар мен қосымша білім беру үйірмелерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау және қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеру.
Балалар мен жасөспірімдердің өнерге, музыкаға, театрға және шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.
5. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
Ауылдық мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және олардың жұмысын жандандыруға ықпал ету.
Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуына, өнермен айналысуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қолдау көрсету.
Ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, халық өнерін және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараларды қолдау.
Жергілікті өнерпаздардың, жас таланттардың және шығармашылық ұжымдардың дамуына ықпал ету.
Ауылдарда мәдени-көпшілік іс-шараларды, концерттерді, фестивальдер мен шығармашылық байқауларды ұйымдастыру бастамаларын қолдау.
Жастардың еріктілік қозғалысына және қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуын ынталандыру.
Балалар мен жастардың спорт секцияларына қатысуына, бұқаралық спорттың дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтеру.
6. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
Ауылдың тазалығын сақтауға, көшелер мен қоғамдық орындарды көркейту және абаттандыру жұмыстарына ықпал ету.
Самсы өзенінің жағалауын тазарту, табиғи ортасын сақтау және тұрғындарға қауіпсіз демалыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қолдау.
Тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметінің сапасын арттыру мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.
Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, жастарды табиғатты қорғау және көгалдандыру жұмыстарына тартуға атсалысу.
7. ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
Ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу.
Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өз өкілеттігім шеңберінде ықпал ету.
Халықпен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің қаралу барысын бақылау.
Атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындар алдында ашық есеп беріп, халық сенімін нығайтуға күш салу.
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жердің дамуы – баршамыздың ортақ ісіміз. Ауылдың болашағы әрбір тұрғынның белсенділігіне, бірлігіне және адал еңбегіне байланысты.
Мен үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың пікіріне құлақ асу және ел игілігі үшін нақты жұмыс атқару.
Мәдениеті өркендеген, жастары белсенді, ұлттық құндылықтары сақталған, тұрғындары берекелі ауыл – біз ұмтылатын ортақ болашақ.
Сіздердің үміттеріңіз – менің жауапкершілігім!
Әр ісімде адалдық пен әділдікті ұстанамын!
Бар мақсатым – елге қызмет, туған жерге құрмет!
Бірлігіміз бекем, мәдениетіміз биік, еңбегіміз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен,
Чалданбаева Айнагүл Несіпбайқы
«Халық сенімі – ең үлкен аманат, елге адал қызмет – абыройлы міндет!»

Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС,  Алматы   облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.  Тапсырыс беруші: Чалданбаева Айнагүл Несіпбайқызы Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына  кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

Exit mobile version