«Ауыл – мемлекеттің негізі!»
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Садыкова Айдана Советқызы, 1995 жылғы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақаншы ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылында тұрамын.
2023 жылы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2025 жылдан бері «Сарыбай би ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келемін.
Педагог ретінде балалардың сапалы білім алуына, бойындағы қабілеттерін ашуына, сыни ойлауын, шығармашылығын және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға ерекше мән беремін. Ұйымдастырушылық қабілетімді, жауапкершілігімді және кәсіби тәжірибемді қоғам игілігіне бағыттауды мақсат етемін.
Ауылдың дамуы – елдің дамуының негізі. Сондықтан ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, білім беру мен тәрбие саласын қолдау, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және әрбір отбасының әл-ауқатын жақсартуға ықпал ету маңызды деп санаймын.
Депутаттық қызметте халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алуға, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталып, тұрғындардың мүддесі басты орында болуы тиіс.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты өлшемі – халықтың сенімі, ашықтық, жауапкершілік және ел игілігі үшін атқарылған нақты жұмыс.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдау, азаматтардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ету.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді көтеру және олардың шешілу барысын бақылау.
Сайлауалды бағдарламаның орындалуын жүйелі түрде қадағалап, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға ашық ақпарат беру.
Ауыл тұрғындарының қоғамдық шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына, жергілікті бастамалардың қолдау табуына ықпал ету.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру бағытындағы жұмыстарды қолдау.
2. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруына және жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін пайдалануына ықпал ету.
Жастар мен әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, жеке кәсібін ашуына және өз ісін дамытуына қолдау көрсету.
Ауыл шаруашылығы, мал және егін шаруашылығы, шағын өндіріс пен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды қолдау.
Ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуына, жергілікті өнім өндірушілердің нарыққа шығуына және кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ету.
Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауыл тұрғындарының тұрақты табыс көздерін қалыптастыру бағытындағы бастамаларды қолдау.
Кәсіпкерлікке ниетті азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен оқыту мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
3. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, су құбырларының жағдайын жақсарту және ауызсу сапасын бақылау мәселелерін көтеру.
Электр желілерінің техникалық жағдайын жақсарту, электрмен жабдықтаудағы үзілістерді азайту және тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ету.
Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын қолдау.
Ауыл көшелеріндегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептер мен әлеуметтік нысандар маңына қажетті жол белгілері мен қауіпсіздік құралдарын орнату мәселелерін көтеру.
Қоғамдық көлік бағыттары мен аялдамалардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту, қатынас жиілігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті органдарға жеткізу.
Балалар алаңдарын, демалыс орындарын және спорт алаңдарын салу мен жаңарту бастамаларын қолдау.
Ауылдағы әлеуметтік нысандардың – мектеп, балабақша, медициналық пункт және мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету.
4. БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу кабинеттерін жаңартуға және заманауи білім беру құралдарымен жабдықтауға ықпал ету.
Білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын, мектеп ғимараттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылау мәселелерін көтеру.
Балалардың сапалы білім алуына, олардың қабілеті мен қызығушылығына қарай дамуына қолайлы жағдай жасауға атсалысу.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын, математикалық және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған қосымша білім беру жобаларын қолдау.
Балабақшалар мен қосымша білім беру үйірмелерінің қолжетімділігін арттыру, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең мүмкіндік алуына ықпал ету.
Ауыл балаларының шығармашылық, ғылыми-техникалық және спорттық үйірмелерге қатысуына жағдай жасау, дарынды оқушыларды қолдау бастамаларын көтеру.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру, оларды қажетті мамандармен қамтамасыз ету және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін назарда ұстау.
Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға, балалардың қауіпсіздігі мен сапалы тәрбиесіне бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау.
Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік сайыстар мен танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал ету.
5. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
Ауыл жастарының білім алуына, кәсіби бағдарлануына, шығармашылықпен айналысуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қолдау көрсету.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың спорттық, мәдени және танымдық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.
Ауылдағы мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыруға, кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға және мәдени іс-шаралардың мазмұнын байытуға ықпал ету.
Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді, ана тілі мен тарихи мұраны насихаттайтын жобаларды қолдау.
Жергілікті өнерпаздардың, қолөнер шеберлерінің және шығармашыл жастардың қабілетін танытуға мүмкіндік беретін мәдени алаңдарды дамытуға атсалысу.
Жастардың еріктілік, қайырымдылық және қоғамдық бастамаларын қолдап, олардың ауыл өміріне белсенді араласуына жағдай жасау.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларына қатысуына, бұқаралық спортты дамытуға және спорт алаңдарының қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
6. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
Ауылдың санитарлық тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын қолдау.
Самсы өзенінің жағалауын тазарту және қауіпсіз демалыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды іске асыруға ықпал ету.
Қоқыс жинау және шығару қызметінің сапасын жақсарту, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау және заңсыз қоқыс орындарының алдын алу мәселелерін көтеру.
Ауыл аумағындағы су көздерін, жасыл желектерді және табиғи аумақтарды қорғауға бағытталған шараларды қолдау.
Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сенбіліктер мен тазалық акцияларын тұрақты өткізуге атсалысу.
Балалар мен жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысуын қолдап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
7. ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалысу.
Көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, әлеуметтік осал топтарға және ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдау.
Қажетті әлеуметтік көмек пен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуына ықпал ету.
Ауылдағы денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттыру, медициналық пункттердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігі мәселелерін көтеру.
Қарт адамдарға құрмет көрсету, ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған шараларды қолдау.
Халықпен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылау. Атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындар алдында ашық есеп беріп, депутаттық қызметтің жариялылығы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету.
Сенімдеріңіз – маған аманат! Жауапкершілігім – ел алдындағы міндет! Мақсатым – туған жердің өркендеуі, ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артуы және балаларымыздың жарқын болашағы. Әрбір отбасының мәселесі назардан тыс қалмай, әрбір игі бастама қолдау табуы тиіс. Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын!
Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. Тапсырыс беруші: Садықова Айдана Советқызы Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

