ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың болашағы – білімді де тілді меңгерген ұрпақ, саналы қоғам және ел дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар. Әрбір баланың сапалы білім алып, шет тілдерін меңгеруіне, заманауи мүмкіндіктерді игеруіне жағдай жасау, ұстаздар мен жас мамандарды қолдау және әрбір ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына үлес қосу – ортақ міндетіміз.
Ауданның әрбір ауылы назардан тыс қалмай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуі қажет. Сапалы жол, қолжетімді білім орталықтары мен цифрлық қызметтер, тұрақты жұмыс орындары, жастарға арналған заманауи мүмкіндіктер – өңір дамуының негізгі көрсеткіштері.
Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, білім беру саласын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Қабылданған міндеттемелердің нақты нәтижеге айналуы – мен үшін басты жауапкершілік.
Ел болашағы мен сапалы білім – ортақ міндет. Халықпен бірлесе еңбек етіп, ауданымызды өсіп келе жатқан ұрпақ үшін еңбек етуге және өмір сүруге қолайлы, келешекке сеніммен қарайтын озық өңір етуге үлес қосу – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жайын ескеру.Адал еңбекті қадірлеу, айтқан сөзіме берік болып, атқарған ісіме жауап беру. Елмен ашық сөйлесіп, халықтың мүддесін қорғау. Айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, толғандырған мәселелеріңіздің байыбына баруға, шешімін табу үшін бар күшімді салуға дайынмын!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Шалабаева Айғаным Даулетханқызы, Жамбыл ауданында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылында тұрамын. Жоғары білімді маманмын. 2016 жылы «Алматы Университетін» «Шет тілі» мамандығы бойынша аяқтап, 2021 жылы жоғары білімімді толықтай тәмамдадым.Еңбек жолымды білім беру саласынан бастап, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолында абыроймен еңбек етіп келемін:2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызына дейін – Карасай ауданының Қарасу орта мектебінде жұмыс істедім;2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қарасу орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Кәсіби қызметімде еңбекқорлыққа, жоғары жауапкершілікке, туындаған мәселелерді жедел шешуге және әрбір оқушымен, тұрғынмен ортақ тіл табысуға басымдық беремін. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша кандидатқа қойылатын талаптарға толық сәйкес келемін.
Педагог ретінде ауданымыздың дамуы сапалы білім беруден, шет тілдері мен заманауи технологияларды меңгертуден, жас ұрпақтың бойында өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастырудан басталады деп есептеймін.
Туған жерімнің өсіп-өркендеуіне үлес қосу, өскелең ұрпақтың озық білім алуына жағдай жасау, мектептердің әлеуетін көтеру және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – менің басты азаматтық міндетім.
Қоғамдық қызметімде білім беру сапасын арттыруға, жас мамандарды қолдауға, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға және халықпен тұрақты кері байланыс орнатуға басымдық беремін.
Мен үшін қоғамдық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың сенімі, нақты атқарылған жұмыстар және туған жердің өркендеуіне қосылған нақты үлес. 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
-
Ашық диалог және кері байланыс: Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін жіті тыңдау.
-
Азаматтардың өтініштерін жеткізу: Тұрғындардың арыз-шағымдары мен бастамаларын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, олардың уақытылы шешілуіне ықпал ету.
-
Депутаттық есептілік: Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қатаң бақылап, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.
-
Бірлескен жұмыс штабы: Жергілікті атқарушы органдармен және белсенді тұрғындармен бірлесіп, ауылдың әлеуметтік мәселелерін жедел шешуге атсалысу.
-
ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР
-
Таза ауыз сумен қамту: Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау.
-
Энергия тиімділігі: Ескірген электр желілерін жаңғыртуға және электрмен жабдықтау сапасын арттыруға ықпал ету.
-
Жол және абаттандыру: Ауылішілік жолдарды сапалы жөндеу, көшелерді жарықтандыру және балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде қолдау.
-
Қауіпсіздік және көлік қатынасы: Қоғамдық көлік бағыттарының кестесін реттеп, аялдамалардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту мәселелерін көтеру.
-
3. БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
-
Мектеп инфрақұрылымын жаңарту: Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, пәндік кабинеттерді (соның ішінде шет тілдері мен мультимедиялық сыныптарды) заманауи құрал-жабдықтармен толықтыруға ықпал ету.
-
Білім сапасы мен жөндеу жұмыстары: Білім беру ұйымдарында жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстау.
-
Тілдік және жан-жақты білім: Балалардың сапалы білім алып, шет тілдерін еркін меңгеруіне, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін шыңдауына қолайлы жағдай жасау
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз! -
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
-
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. Тапсырыс беруші: Шалабаева Айғаным Дәулетханқызы Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

