ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың болашағы – тілді еркін меңгерген, заманауи көзқарастағы білімді ұрпақ, саналы қоғам және ел дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар. Әрбір баланың сапалы білім алып, өз қабілетін әлемдік деңгейде шыңдауына мүмкіндік жасау, ұстаздар мен жас мамандарды қолдау және әрбір ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жағдай туғызу – ортақ міндетіміз.
Ауданның әрбір ауылы назардан тыс қалмай, тұрғындардың өмір сүрү сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуі қажет. Сапалы жол, қолжетімді білім орталықтары мен цифрлық қызметтер, тұрақты жұмыс орындары, жастарға арналған заманауи мүмкіндіктер мен тілдік орталықтар – өңір дамуының негізгі көрсеткіштері.
Педагог-зерттеуші ретінде сапалы білім мен жастардың болашағы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, білім беру сапасын арттыру, тіл үйрену мен жастардың бастамаларын қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Қабылданған міндеттемелердің нақты нәтижеге айналуы – мен үшін басты жауапкершілік.
Ел болашағы мен сапалы білім – ортақ міндет. Халықпен бірлесе еңбек етіп, ауданымызды өсіп келе жатқан ұрпақ үшін еңбек етуге және өмір сүруге қолайлы, келешекке сеніммен қарайтын озық өңір етуге үлес қосу – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жайын ескеру.Адал еңбекті қадірлеу, айтқан сөзіме берік болып, атқарған ісіме жауап беру. Елмен ашық сөйлесіп, халықтың мүддесін қорғау. Айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын.
Айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, толғандырған мәселелеріңіздің байыбына баруға, шешімін табу үшін бар білімім мен күшімді салуға дайынмын!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Құлмырзаева Меруерт Терекқызы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылында тұрамын. Жоғары білімді, халықаралық дәрежедегі маманмын:
2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тәржіма (переводческое дело)» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2006–2008 жылдары Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің магистратурасында оқып, «Лингвистика» макадемиялық магистратура дәрежесін алдым.
2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды білім беру саласында жалғастырып, 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайназар ауылында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып абыроймен еңбек етіп келемін. Бүгінгі таңда біліктілігі жоғары педагог-исследователь қызметін атқарамын. Кәсіби қызметімде тәртіптілікке, жоғары жауапкершілікке, бастамашылдыққа және үздіксіз өзін-өзі дамытуға басымдық беремін. Сабақ беру үдерісінде оқушылардың 4К дағдыларын (критикалық ойлау, креативтілік, коммуникация және коллаборация) дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша кандидатқа қойылатын талаптарға толық сәйкес келемін.
Туған жерімнің өсіп-өркендеуіне үлес қосу, шет тілдері мен заманауи білім беру жүйесін дамыту, жастарға сапалы мүмкіндіктер ашу және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру – менің басты азаматтық міндетім. 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Ашық диалог және кері байланыс: Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған кері байланыс форматтарын қолданып, азаматтардың арыз-шағымдарының уақытылы әділ қаралуына заң аясында ықпал ету.
Құқықтық қолдау және ашықтық: Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, мемлекеттік органдармен жұмыста ашықтықты қамтамасыз ету
Депутаттық бақылау: Сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң бақылау жасап, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға ашық түрде есеп беріп отыру.
Бірлескен жұмыс: Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін жедел шешуге атсалысу.
2.БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
-Мектеп базасын нығайту: Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи оқу кабинеттері мен тілдік зертханалармен жабдықтауға ықпал ету.
-Білім сапасы мен оқу ортасы: Білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қадағалау.
-Қосымша білім және инклюзия: Балабақшалар мен қосымша білім беру, шет тілі үйірмелерінің қолжетімділігін арттыру. Eрекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасау мәселелерін көтеру.
-
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
— Ауыл жастарының білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және қоғамдық жұмыстарға қатысуына қолдау көрсету.
— Мәдени іс-шаралардың, кітап оқу мәдениетінің және жергілікті өнерпаздардың дамуына ықпал ету.
— Жастардың еріктілік және қоғамдық бастамаларын қолдау.
— Балалар мен жастардың спорт секцияларына қатысуына, бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасауға атсалысу.
-
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
— Ауылдың тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді түрде ықпал ету.
— Ауыл маңындағы аумақтарды тазарту және тұрғындардың демалыс орындарын тәртіпке келтіру жөніндегі ұсыныстарды қолдау.
— Қоқыс жинау және шығару қызметінің сапасын жақсарту мәселелерін депутаттық деңгейде көтеру. -Тұрғындар мен жастар арасында табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
-
ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау.
— Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға атсалысу.
— Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. Тапсырыс беруші: Құлмурзаева Меруерт Терекқызы Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

