Site icon ATAMEKEN

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рахым Жанилганның 2026–2031 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                           ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың болашағы – табиғатты сүйетін, білімді де саналы ұрпақ және ел дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар. Әрбір баланың сапалы білім алып, туған жердің табиғатын қадірлеуіне, заманауи мүмкіндіктерді игеруіне жағдай жасау, ұстаздар мен жас мамандарды қолдау және әрбір ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына үлес қосу – ортақ міндетіміз.
Ауданның әрбір ауылы назардан тыс қалмай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуі қажет. Сапалы жол, таза ауыз су, жасыл аймақтар мен экологиялық тұрақтылық, тұрақты жұмыс орындары, жастарға арналған заманауи мүмкіндіктер – өңір дамуының негізгі көрсеткіштері.
Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, білім беру саласын дамыту, экологияны жақсарту және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге күш саламын. Қабылданған міндеттемелердің нақты нәтижеге айналуы – мен үшін басты жауапкершілік.
Ел болашағы мен табиғат тазалығы – ортақ міндет. Халықпен бірлесе еңбек етіп, ауданымызды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, еңбек етуге және өмір сүруге қолайлы, келешекке сеніммен қарайтын озық мекенге айналдыруға үлес қосу – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жайын ескеру.Адал еңбекті  қадірлеу, айтқан сөзіме берік болып, атқарған ісіме жауап беру. Елмен ашық сөйлесіп, халықтың мүддесін қорғау. Айтар тілектеріңіз бен  ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым  құлақ асамын.
Айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, толғандырған мәселелеріңіздің байыбына баруға, шешімін табу үшін бар білімім мен күшімді салуға дайынмын!
                                ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Рахым Жанилган, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта да туған жерім – Ұзынағаш ауылында тұрамын. Жоғары білімді, ғылыми дәрежелі маманмын:                                          2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Биология және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2011 жылы «Естественных наук» (жаратылыстану ғылымдары) магистратурасын бітіріп, магистр дәрежесін алдым.                                                                                          Еңбек жолымды білім беру саласынан бастап, 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін география пәнінің мұғалімі болып абыроймен еңбек етіп келемін. Бүгінгі таңда «Педагог-эксперт» жоғары біліктілік санатына иемін. Кәсіби қызметімде еңбекқорлыққа, жұмысқа деген жоғары жауапкершілікке, туындаған мәселелерді жедел шешуге және адамдармен ортақ тіл табысуға басымдық беремін. Туған жерім – Ұзынағаш ауылының қоғамдық өміріне әрдайым белсене қатысамын. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша кандидатқа қойылатын талаптарға толық сәйкес келемін.
Туған жерімнің өсіп-өркендеуіне үлес қосу, жаратылыстану ғылымдарын дамыту, экология мен тазалықты сақтау, жастарға сапалы білім беру және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру – менің басты азаматтық міндетім.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Ашық диалог және кері байланыс: Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен өзекті мәселелерін жіті тыңдау.
Азаматтардың өтініштерін жеткізу: Тұрғындардың арыз-шағымдары мен бастамаларын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, уақытылы шешілуіне ықпал ету.
Депутаттық есептілік: Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын бақылап, атқарған жұмыстар туралы тұрғындарға ашық түрде есеп беріп отыру.
Бірлескен жұмыс: Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін жедел шешуге атсалысу.
2.БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
-Мектеп базасын нығайту: Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи оқу кабинеттері мен тілдік зертханалармен жабдықтауға ықпал ету.
-Білім сапасы мен оқу ортасы: Білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қадағалау.
-Қосымша білім және инклюзия: Балабақшалар мен қосымша білім беру, шет тілі үйірмелерінің қолжетімділігін арттыру. Eрекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасау мәселелерін көтеру.                                   3.МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
— Ауыл жастарының білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және қоғамдық жұмыстарға қатысуына қолдау көрсету.
—  Мәдени іс-шаралардың, кітап оқу мәдениетінің және жергілікті өнерпаздардың дамуына ықпал ету.
—  Жастардың еріктілік және қоғамдық бастамаларын қолдау.
—  Балалар мен жастардың спорт секцияларына қатысуына, бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасауға атсалысу.
4.ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
— Ауылдың тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді түрде ықпал ету.
— Ауыл маңындағы аумақтарды тазарту және тұрғындардың демалыс орындарын тәртіпке келтіру жөніндегі ұсыныстарды қолдау.
— Қоқыс жинау және шығару қызметінің сапасын жақсарту мәселелерін депутаттық деңгейде көтеру.                                                                                -Тұрғындар мен жастар арасында табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
6.ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау.
— Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға атсалысу.
—  Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС,  Алматы   облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.  Тапсырыс беруші: Рахым Жанилган Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына  кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

Exit mobile version