Site icon ATAMEKEN

Жамбыл ауданында «Благоустроим вместе» челленджі өтті

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында «Благоустроим вместе» челленджі өтті
Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Тазалыққа бірге қадам!» атты ауқымды челлендж ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, көшелер мен арық жүйелерін тазарту арқылы тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және ортақ іске жұртшылықты жұмылдыру.
Аталған челленджге аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысты. Қатысушылар топтарға бөлініп, көшелерді қоқыстан тазалап, арықтарды лай мен қалдықтардан аршып, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, кейбір аумақтарда ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, бұл бастама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғамда жауапкершілік пен табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыруға бағытталған. Осындай акциялар арқылы тұрғындар өз ауласын, көшесін таза ұстаудың маңыздылығын түсінеді.
Шара барысында қауіпсіздік талаптары сақталып, қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде ауданның бірқатар көшелері мен арықтары тазартылып, экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсерін тигізді.
Жамбыл ауданының тұрғындары бұл челлендждің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін жеткізді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар еліміздің әр өңірінде жалғасын тауып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне зор үлес қоспақ.
Жамбыл ауданы Аналар кеңесінің төрағасы Г.Станкулова

#ТазаҚазақстан #ТазаОрта

Exit mobile version