“AMANAT” партиясы Жамбыл аудандық филиалының мәжіліс залында партияның аудандық мәслихаттағы фракция отырысы өтті. Жиында күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды.
1. “AMANAT” партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің 2025 жылы Жамбыл ауданы бойынша орындалуы туралы — аудан әкімінің орынбасары А. Туматаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы толық ақпарат берді.
2. Аудандағы автомобиль жолдары мен көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарының орындалуы, өзекті мәселелерді шешу, сондай-ақ “AMANAT” партиясының “Халықпен бірге!” атты 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы — аудандық «Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ басшысы М. Әліпбаев есеп ұсынды.
3. Аудан аумағында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру, белсенді бағдарламаларды орындау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және “AMANAT” партиясының “Халықпен бірге!” бағдарламасы аясында орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы туралы — “Мансап” орталығының директоры Қ. Баймолдаев есеп берді.
4. “AMANAT” партиясынан Жамбыл аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері – аудандық мәслихат депутаттарының III тоқсанға арналған бағалау рейтингісінің қорытындысы қаралды.
