Site icon ATAMEKEN

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция күніне арналған салтанатты шара барысында жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы Ертас мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандарды тәрбиелеп өсірген ата-аналарға Алғыс хат табыстап, олардың қоғам алдындағы еңбегін ерекше атап өтті.

Марапатқа ие болғандар:

🔹 Халықова Динара Мұхатовна – Жамбыл ауданы әкімінің аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы Айдана Әділханның анасы;

🔹 Сыдықов Жанатбек Болатбекұлы – Ұзынағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ақжол Болатбектің әкесі;

🔹 Райсбекова Жазира Жасуланқызы – Үңгіртас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Алтынай Аладинаның анасы;

🔹 Жүнісбекова Самал Серікқызы – Ақсеңгір ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Назерке Тұрғанбектің анасы;

🔹 Нұрымова Күміскүл Қуанышқызы – Шолаққарғалы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жадыра Бигаштың анасы.

Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Елге адал қызмет ететін, жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуде отбасының, ата-ананың орны ерекше. Бүгінгі құрмет – мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастарға ғана емес, олардың бойына адалдық, еңбекқорлық пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңірген ата-аналарға көрсетілген құрмет.

Іс-шара барысында ата-аналарға шынайы ризашылық білдіріліп, ұлтқа қызмет ететін саналы ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері жоғары бағаланды.

Exit mobile version