Бүгін Жамбыл ауданының орталық алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранды бір мезетте орындау челленджімен басталды. Орталық алаңға жиналған тұрғындар мен мекеме қызметкерлері Әнұранды бірге шырқап, елге деген құрметі мен патриоттық сезімдерін білдірді.
Шара барысында аудан әкімі Нұрлан Ертас аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, өз саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Салтанатты жиынның көрнекті сәттерінің бірі – Қазақстан Республикасының алып Мемлекеттік Туын орталық алаң бойымен алып өту рәсімі болды. Көк Ту алаңға жиналған көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп, ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы ретінде асқақ желбіреді.
Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен елдік рухты нығайтатын маңызды мереке.
#РәміздерРухы
#КонституцияКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МеніңТуымМеніңМақтанышым
#ТуымызТөрімізде
