Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерді, жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ерлан Айзада және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдана Нұрғалиева қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары, жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның талаптары, мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері жан-жақты түсіндірілді.
Спикерлер мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, заңдылық қағидаттарын сақтау, қызметтік әдепті нығайту және мемлекеттік аппараттың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары бойынша жан-жақты түсіндірме алды.
Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Аталған кездесу Жамбыл ауданы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын насихаттау мақсатында Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

