Site icon ATAMEKEN

Жамбыл ауданында отандық өндірісті қолдау бағыттары қаралды

Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы “ORDA TRADE” ЖШС ұжымымен кездесу өтті. Жиын барысында өндіріс саласын дамыту, кәсіпорындардың жұмысын кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Кездесуде отандық өндірісті қолдау бағытындағы негізгі тәсілдер сөз болды. Атап айтқанда, ел ішінде өндірілетін тауарлар көлемін арттыру, шикізатты терең өңдеу арқылы дайын өнім шығару мәселесіне назар аударылды. Сонымен қатар ірі, орта және шағын кәсіпорындар арасында тұрақты өндірістік байланыс орнатудың маңыздылығы айтылды.

Жиында отандық өндірушілермен ұзақмерзімді жеткізу шарттарын жасау тәжірибесі де талқыланды. Мұндай келісімдер кәсіпорындарға өндіріс процесін алдын ала жоспарлауға, қаржыландыру көздерін тартуға және өнім көлемін тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ өндіріс саласына инвестиция тарту, кәсіпкерлерді қолдау тетіктері және жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасу өтті.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірісті дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Exit mobile version