Site icon ATAMEKEN

Жамбыл ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан – ортақ міндет!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Іс-шара барысында ақпараттық кездесу өткізіліп, одан кейін санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Қатысушылар қатарында жастар, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері және аудан тұрғындары болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын жүзеге асыруға азаматтарды кеңінен тарту.
Іс-шара барысында Ұзынағаш медициналық колледжінің директоры, татар-башқұрт этномәдени орталығының жетекшісі Ильдар Юлдабаев сөз сөйлеп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
Жиын барысында қатысушыларға «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, Ұзынағаш медициналық колледжінің аумағы тазартылды.

Exit mobile version