Бүгін Жамбыл ауданында қазақ киносының көрнекті режиссері Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған 100 шақырымдық халықаралық бәйге мәресіне жетті.
Қаншеңгел ауылынан таңғы сағат 8:00-де жарыс жолына шыққан тұлпарлар 3 сағаттан астам уақытта Қопа ауылындағы мәреге жетті.
Дүбірлі додаға Маңғыстау, Жетісу, Абай, Алматы, Қостанай облыстарынан, Астана қаласынан және көршілес Қырғызстаннан барлығы 63 сәйгүлік қатысты.
Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, Алматы облысы мен Жамбыл ауданының құрметті азаматы Әскербек Абаев, белгілі атбегі Орынтай Әмірғалиев, «Ата жолы» қоғамдық қорының директоры Махаббат Бигелдиев, ел ағалары, атбегілер мен аудан тұрғындары қатысты.
БӘЙГЕ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
1-орын – «Бесжүйрік» (Маңғыстау). Шабандозы – Нұрсұлтан Омаров. Ат иесі әрі бапкері – Нұрсағын Тұқымбай. Жүлдесі – CHANGAN X5 автокөлігі.
2-орын – «Аққұм» (Жетісу). Шабандозы әрі бапкері – Дәрігербек Қабай. Ат иесі – Аяулым Мұхамеджан. Жүлдесі – 1,5 млн теңге.
3-орын – «Жетіжал» (Жетісу). Шабандозы – Сұңғат Қайратов. Ат иесі – Алихан Амиргазиев. Бапкері – Нұрсапа Сабыржан. Жүлдесі – 1 млн теңге.
4-орын – «Буран» (Қырғызстан). Шабандозы – Искандер Джимсимбаев. Ат иесі – Даир Тоокеев. Бапкері – Жашар Тогузбаев. Жүлдесі – 700 мың теңге.
5-орын – «Таутүрген» (Талғар). Шабандозы – Қанат Реймбай. Ат иесі – Қуат Үсенов. Бапкері – Мейрамбек Толқымбай. Жүлдесі – 500 мың теңге.
6-орын – «Көкшулан» (Маңғыстау). Шабандозы – Әбіш Етірек. Ат иесі – Ахмет Жубанов. Бапкері – Руслан Дүйсенбай. Жүлдесі – 300 мың теңге.
7-орын – «Тарланкөк» (Абай облысы). Шабандозы – Мейрамбек Ибатуллаев. Ат иесі – Тұмар Сүлейменова. Бапкері – Әлібек Қызырбек. Жүлдесі – 200 мың теңге.
Қазақ киносының құлагері Абдолла Қарсақбаевтың ғасырлық мерейтойы аясында ұйымдастырылған дүбірлі дода ұлттық спорттың мерейін асырып, атбегілік дәстүрдің өміршеңдігін тағы бір мәрте танытты.
