Бүгін “AMANAT” партиясының Жамбыл аудандық филиалы ғимаратында Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы Ертас аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, ауыл азаматтарының көкейінде жүрген маңызды мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға Ұзынағаш, Қарғалы, Шиен және Тарғап ауылдық округтерінен келген тұрғындар қатысты. Ашық форматтағы кездесуде бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:
Жер телімін заңдастыру және жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу
Әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларды баспанамен қамту
Жергілікті жолдардың жағдайы және олардың жөндеу жұмыстары
Ауылдардағы қоғамдық көлік, әсіресе, автобус бағыты мен жүру жиілігі
Жеке кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау тетіктері
Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселені мұқият тыңдап, нақты жауаптар берді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты мекемелер мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді шешімді қажет ететін мәселелер әкімдіктің жұмыс жоспарларына енгізілетіні айтылды.