Site icon Атамекен

Жамбыл ауданы Шолаққарғалы ауылдық округі, Үмбетәлі ауылының әкімшілік ғимаратында «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтт

Жамбыл ауданы Шолаққарғалы ауылдық округі, Үмбетәлі ауылының әкімшілік ғимаратында «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға Жамбыл аудандық партия филиалының төрағасы Амалбек Ықылас Еркінұлы, Алматы облыстық мәслихат депутаты Молдашева Меруерт Сағындыққызы, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Тортаев Орымбасар Сатымбекұлы, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Абдымолдаева Жанат Алиакбаровна, Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Егінбаев Жеңіс Бақытұлы, Жамбыл аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алипбаев Мәди Серікбайұлы,Жамбыл аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Толымбек Дулат Махсутович және Шолаққарғалы ауылдық округінің әкімі Төленді Бағашар Төленді қатысты.Қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мәселелердің оң шешілуі бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Exit mobile version