Жамбыл ауданы, Үлкен ауылдық округінде «Бірлік пен татулық» атты іс-шара өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы ең басты құндылықтарымызды дәріптеу, ұрпақ санасына бірлік пен ынтымақтың, этносаралық татулықтың маңызын жеткізу, сондай-ақ мәдени мұраларымызды насихаттау болды.
Бірлік – халықтың берекесі, татулық – елдің тұтастығы. Осы құндылықтар арқылы қоғамда этностар арасында өзара сыйластық пен түсіністік қалыптасады. Іс-шара барысында қатысушыларға халқымыздың ауызбіршілігін нығайтатын тағылымды ойлар, этностық дәстүрлер мен рухани мұралар кеңінен таныстырылды.
Мұндай тәрбиелік және мәдени бағыттағы шаралар жас ұрпақты елжандылыққа, бейбітшілік пен этносаралық ынтымақты қадірлеуге тәрбиелейді.