Жамбыл ауданы әкімдігі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ Заңының қабылдануына байланысты азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабы).
Конституциялық нормаларды негізге ала отырып, қолданыстағы Заң бірқатар өзгерістер мен толықтырулардан өтті.
Атап айтқанда, «бейбіт жиналыс», «бейбіт жиналысқа қатысушы», «бейбіт жиналысты ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орын», «бейбіт жиналысты ұйымдастырушы», «демонстрация», «жиналыс», «митинг», «өтінішті келісу», «пикеттеу», «хабарлама», «шеру» ұғымдарына нақты анықтамалар берілді, сондай-ақ бейбіт жиналыстың әрбір нысанының ерекшелігі нақтыланды.
Заңда ұйымдастырушының, қатысушылардың және өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері регламенттелген, бейбіт жиналыстардың барлық тараптарының құқықтары мен міндеттерінің тізбесі жазылған. Ел өңірлерінде бейбіт жиналыстар өткізу бойынша бірыңғай талаптар енгізілді.
Көрсетілген жаңа енгізілімдер жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша регламенттеу мүмкіндігінсіз, заңнаманы жергілікті жерлерде бірыңғай қолдануға ықпал етеді.
Заңға бейбіт жиындардың негізгі қағидаттары енгізілді, олардың ішінде:
- мәжбірлеусіз сипаты;
- заңдылық;
- мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
- қатысу еріктілігі.
Заңда бейбіт жиналыстар өткізу жөніндегі мамандандырылған орындар үшін талаптар белгіленген. Мамандандырылған орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібін белгілеу кезінде бейбіт жиналыстардың мақсатына қол жеткізу мүмкіндігі, ұйымның ыңғайлылығы, орындардың көліктік қолжетімділігі, инфрақұрылым объектілерін ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пайдалану мүмкіндігі, Санитариялық нормалар мен қағидаларды сақтау, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың, басқа да адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Бұдан басқа, заңмен елді мекендердің орталық бөліктерінде орналасқан кемінде үш орын (митинг өткізуге арналған алаңдар) белгіленген.
Сондай — ақ бейбіт жиналыстарды өткізудің аралас тәртібі-хабардар ету және регламенттеу енгізілді.
- Бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарламалық тәртібі пикеттер, митингілер, жиналыстар үшін көзделген. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, 3 жұмыс күні ішінде бейбіт жиналыс өткізу әдепкі бойынша келісілген болып есептеледі.
- Бейбіт жиналыстың регламенттелген тәртібі (өтініш беру жолымен) демонстрация, шеру нысанында өткізіледі.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыс өткізудің балама мамандандырылған орнын ұсынуға құқылы.
Заң ұзақ жылдар бойы бейбіт жиындар субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастарда жинақталған мәселелердің үлкен тобын реттеуге мүмкіндік береді.
Заңның ерекшелігі бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту үшін негіздердің белгіленген ерекше тізбесі деп санауға болады.
Мысалы, егер оларды өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, діни төзбеушілікті қоздыру, конституциялық құрылысты күштеп құлату болып табылса не оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе; егер бейбіт жиналыс өткізілетін жерде әскери немесе төтенше жағдай, сондай-ақ заңда көзделген өзге де негіздер енгізілсе.
Бұдан басқа, заңда бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету рәсімі сипатталған, оны ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Сонымен қатар, белгілі бір қаржыландыру көздері бөлігіндегі шектеулер.
Мысалы, Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың бейбіт жиналыстар өткізуін қаржыландыруына, сондай-ақ заңда көзделген өзге де негіздемелерге тыйым салынады.
Заңда қабылданған нормалар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді және елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жамбыл ауданының әкімдігі азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Граждане Республики Казахстан вправе мирно и без оружия собираться, проводить собрания, митинги и демонстрации, шествия и пикетирование. Пользование этим правом может ограничиваться законом в интересах государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты прав и свобод других лиц (статья 32 Конституции Республики Казахстан).
В частности, даны четкие определения понятиям «мирное собрание», «участник мирного собрания», «специализированное место для организации и проведения мирных собраний», «организатор мирного собрания», «демонстрация», «собрание», «митинг», «согласование заявления», «пикетирование», «уведомление», «шествие», а также детализирована специфика каждой из форм мирного собрания.
В Законе регламентированы права и обязанности организатора, участников и иных лиц, прописан перечень прав и обязанностей всех сторон мирных собраний. Введены единые требования по проведению мирных собраний в регионах страны.
Указанные нововведения способствуют единому применению законодательства на местах, без возможности дополнительного регламентирования со стороны местных исполнительных органов.
В Закон внедрены базовые принципы мирных собраний, среди которых:
- ненасильственный характер;
- законность;
- обеспечения государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты прав и свобод других лиц;
- добровольность участия.
Законом определены требования для специализированных мест по проведению мирных собраний. При определении специализированных мест и установлении порядка их использования обеспечивается возможность достижения цели мирных собраний, удобство организации, транспортная доступность мест, возможность использования организаторами и участниками объектов инфраструктуры, соблюдение санитарных норм и правил, безопасность организаторов и участников мирных собраний, других лиц.
Кроме того, Законом определено количество мест (площадок для митинга) — не менее трех, расположенных в центральных частях населенных пунктов.
Также внедрен смешанный порядок проведения мирных собраний — уведомительный и регламентированный.
- Уведомительный порядок проведения мирных собраний предусмотрен для пикетов, митингов, собраний. При этом, в случае отсутствия ответа местного исполнительного органа, в течении 3-х рабочих дней, проведение мирного собрания считается согласованным по умолчанию.
- Регламентированный порядок (путем подачи заявления) мирного собрания проводится в форме демонстрации, шествия.
Кроме того, местные исполнительные органы имеют право предложить альтернативное специализированное место проведения мирного собрания, в целях обеспечения прав и свобод человека и гражданина, государственной безопасности, а также бесперебойного функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленных насаждений и малых архитектурных форм и иного имущества.
Также, необходимо отметить, что организаторы мирных собраний имеют право проводить агитацию, сообщая информацию о времени, месте (местах), маршруте следования участников, в целях проведения мирных собраний и иную информацию, связанную с их организацией и проведением, использовать символику, иллюстративные материалы, не запрещенных в соответствии с законодательством Республики Казахстан организаций, а также агитировать к участию в этом мероприятии.
Закон позволяет урегулировать огромный пласт вопросов, который в течении долгих лет накапливался в отношениях между субъектами мирных собраний и государственными органами.
Особенностью Закона можно считать установленный исключительный перечень оснований для отказа в проведении мирных собраний.
К примеру, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, насильственное ниспровержение конституционного строя, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан; если в месте проведения мирного собрания введено военное или чрезвычайное положение, а также иные основания, предусмотренные законом.
Кроме того, в Законе описана процедура материально-технического обеспечения проведения мирных собраний, которая осуществляется его организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.
Наряду с этим, имеются определенные ограничения в части источников финансирования. К примеру, запрещено финансирование проведения мирных собраний физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, а также иные основания, предусмотренные законом.
Принятые в Законе нормы способствуют защите конституционных прав граждан и направлены на обеспечение общественно-политической стабильности в стране.
Нарушение законодательства Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний влечет ответственность, установленную законами Республики Казахстан.
Акимат Жамбылского района призывает граждан неукоснительно соблюдать нормы действующего законодательства.