Бүгін Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендерде көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында қараағаш тұқымдарын егу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – тазалықты сақтау және табиғатты аялау.
Сенбілік барысында ауыл тұрғындары бірлесіп, аумақтарды тазартты және қараағаш тұқымдарын егумен айналысты. Ауылдың әр бұрышында жасыл желектердің қаптап, айналадағы ортаның көркемдігін арттыруына зор көңіл бөлінді. Мұндай игі шаралар туған жеріміздің көркеюіне, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жасыл желекті көбейтуге айтарлықтай септігін тигізеді.
«Таза әрі жасыл орта — баршамыздың ортақ міндетіміз» деген ұранмен өткен сенбілік табиғатты қорғау ісіне халықтың белсенді түрде атсалысуын қамтамасыз етті. Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы.
Сондықтан, табиғатымызды аялау мен оған қамқорлық жасауға үлес қосқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз! 🌿 Ауылымызды таза, жасыл әрі көркем ету – біздің ортақ мақсатымыз!
Жамбыл ауылдық округінде көгалдандыру жұмыстары өтті

