Site icon ATAMEKEN

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына инвестиция 11 есеге өсті

Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жұмыстары жаңа қарқын алды. 2026 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 122,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 есеге көп.

Маңыздысы, аталған көрсеткіш бойынша өңір жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындады. Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де артып келеді.

Мәселен, жыл басынан бері өңірде 110,2 мың тонна сүт, 57,6 мың тонна ет және 49,4 млн дана жұмыртқа өндірілген. Жыл соңына дейін 3,4 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарланып отыр.

Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығының өңір экономикасындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала беретінін көрсетеді.

Exit mobile version