2026 жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыру шеңберінде армияның беделін көтеру, мерзімді қызмет өткерудің оң келбетін құру Республикалық «БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР» жауынгерлік ұраны бойынша іске асырылуда. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 ж. 16 ақпандағы № 561 – IV Заңының 27.28.29. баптарына, Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде қыркүйек айынан бастап 2000 — 2008 жыл аралығындағы әскер қатарына шақыруға жататын азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады.
Қазіргі таңда 2026 жылдың күзгі шақыру науқанының шекара қызметіне арнайы шекара қызметінің және Ұлттық ұлан қызметінің өкілдері зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Шекара қызметінің аға офицері және Ұлттық ұлан қызметінің аға офицері қазіргі таңда қорғаныс бөлімінде әскери қызмет туралы, әскери қызметке келген сарбаздардың жағдайлары жайында әрбір мерзімді әскери қызметке барамын деген азаматтармен әңгімелесу жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан қызметіне мерзімді әскери қызмет өткеруге шақырылады.
Мерзімді әскери қызметке шақырту жылына 2 рет жүргізіледі. 18 -27 жас аралығында, шақырылудан кейінге шегерілуге немесе босатуға құқығы жоқ азаматтар жатады.
Алайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (Әскери қызметтен жалтару) туралы 387 бабы және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (Жинақтаудан немесе медициналық тексеруден жалтару) 648 бабына сәйкес. әскери қызметтен немесе медициналық куәландыру бағыты бойынша тексеруден жалтарған азаматтар екі жүз (200) айлық есептік көрсеткіштер мың (1000) айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатынын ескертеміз.
Жамбыл ауданының қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар бөлімшесіне келіп, қажетті мәліметті ала аласыздар.
Құрметті ата – аналар өскелең ұрпақтың, өз елінің патриотты болып қалыптасуына өз үлестеріңді қосып, балаларыңызды әскер қатарына жіберулеріңізді сұраймыз.
Толық ақпаратты қорғаныс бөлімінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8-7471344562, 8-7762236727, 8-7715890007, 2-29-72
Әскери қызмет өткеру – азаматтық борыш!
Әділова Алтынкүл
Жамбыл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім қызметкері

