«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына жастардың белсенді қатысуы игі дәстүрге айналып келеді. Жастар қоғамдық орындарды тазалау, аумақтарды абаттандыру, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына атсалысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Мұндай шаралар жастардың бойында еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар табиғатты қорғау мәдениетін насихаттап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңызын түсіндіреді.
Жастардың белсенділігі – қоғамдағы оң өзгерістердің маңызды көрсеткіші. Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу арқылы өскелең ұрпақ ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетіп келеді.

