«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің өңірлерінде көгалдандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ақмола облысының Сандықтау ауданында жыл басынан бері 5 мың түп ағаш отырғызылған. Ал кезекті «Таза бейсенбі» акциясы кезінде ауыл тұрғындарымен бірге тағы 120 түп қарағай көшеті егілді.
Ағаш отырғызу – табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Жасыл желек елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мұндай жұмыстарға жастардың, еріктілердің және тұрғындардың белсенді қатысуы ерекше маңызды. Себебі бүгін отырғызылған әрбір көшет – келешек ұрпаққа қалатын табиғи мұра.
Таза әрі жасыл мекен қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.

