Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Республика күні қарсаңында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында “Жыр алыбы — Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Көмейіне жыр толтырып, сөзден маржан терген айтыскер ақындар 2 кезең бойынша бақ сынады. Сөз жүйрігін саралайтын додаға ҚР Мәдениет қайраткері Күмісжан Байжан, айтыскер ақын Қайназаров Еркебұлан, Журналистер Одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Талант Арғынғали төрелік етті.
Екі күнге созылған айтыстың нәтижесі бойынша тақырыптық айтыста бас жүлде маңғыстаулық Байжігіт Бейбітке бұйырса, қайым айтыста бас жүлдемен атыраулық Ерсаинов Марсель марапатталды. Бұдан бөлек 1, 2, 3 орын иегерлері арнайы сертификаттармер марапатталып, құнды сыйлықтарға ие болды.
#жамбылауданы
#атамекенгазеті #айтыс #бізүшін