Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖас ұрпақ жемқорлықтан жиренсін деп...

Жас ұрпақ жемқорлықтан жиренсін деп…

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу. Яғни, оның себептері мен алғы шарттарын жоюға ықпал жасау. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қазіргі таңда мұғалімдер жəне оқушылар, ата-аналар арасында кеңінен түсіндіріліп, оның жолын кесу жəне болдырмау мақсатында жыл сайын елеулі жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылдың қаңтар айында 5-8 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына суреттер көрмесі өтті. Онда 7-сынып оқушысы Амелин Артемнің салған суреті ерекше бағаланып, мақтау грамотасымен марапатталды. Мектептегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубы 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз өмір – адал өмір» атты адалдық сағатын өткізді.

Ақпан айында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Құқықты сауатты болудың сенің өміріңдегі маңызы» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында пікірталас, 1-4 сынып оқушылары арасында «Өмір сүру құқығы: Мен жəне менің сыныптастарым», 5-8 сынып оқушылары арасында «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» атты құқықтық жаппай оқулар өтті. Сонымен қатар атааналар үшін «Бала құқығы – асыл қазына. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» тақырыбында онлайн оқулар өткізілді.

Наурыз айында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алу» тақырыбында тарих пəні мұғалімі Р.Аманқұлованың жетекшілігімен «Адал ұрпақ» клубының мүшелері дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық жəне саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Ол өзінің қызметтік мəртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық жəне өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу əрекетінен көрініс табады.

Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы слайдтар көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

  1. Сыбайлас жемқорлық деген не? Мемлекеттік билікті теріс пайдалану, жеке бастың пайдасы үшін лауазымды тұлғаларды параға тарту.
  2. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңы қай жылы қабылданды? 2015 жылы 18 қарашада заң қабылданды.
  3. Пара беру субъектісі қанша жасқа жеткен тұлға болуы мүмкін? 16 жасқа жеткен тұлғалар.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді, жұртшылықтың заң мен əділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың түрлері туралы да кеңінен айтылды. Суреттер көрсетіліп, суреттегі жағдайдан балалардың нені байқағаны, қандай құқық бұзушылық жасалғаны туралы сұралды. Кəмелетке толмаған жасөспірімдердің сауда жасап жатқаны, полиция қызметкерлерінің келуі – баланың құқығының сақталмағанын көрсетеді. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз ойларын нақты жəне мысалдар келтіре отырып дəлелмен жеткізе білді.

«Əрбір азаматтың жемқорлыққа қарсы күресі жанжақты үздіксіз, ашық əрі əділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз…» деген сөзді басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға, адал еңбек етуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосуға шақырамыз. «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» болашағымыз, еліміз гүлдене берсін!

 К.ЗАРИПБАЕВА, Социалистік Еңбек Ері Қ.Əбсəметов атындағы орта мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments