Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетРухани жаңғыруЖаңа белестерге жетелейтін жоба

Жаңа белестерге жетелейтін жоба

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің тарихымызда қасіретті сəттер мен қайғылы оқиғалар аз емес. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ» деген сөзі ұлттық мəдениет пен тарихтың шынайы көрінісін бейнелеген «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында адамға бірден ой салатын түйінді тұжырым еді. Бұл мақала ұлтымыздың əлемдік аренадағы тарихи маңызын айқындады. Онда материалдық жəне рухани болып ажыратылған екі бөлім бар жəне əр бөлімде мəдени мұраның жеті түрлі қыры көрсетілген. Əлемдік жаһандану заманында болашаққа ұмтылған қоғам үшін өткенді қайта еске салатын бұл мақала болашаққа нық қадам басатын жастар үшін ерекше маңызды.

 Төл тарихымызға оң көзқарас қалыптастырмай, біз болашаққа нық қадам баса алмайтын болғандықтан, аталған еңбек – тарих пен болашақтың алтын көпірі іспеттес.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын бұл мақала ауқымды əрі өзекті мəліметтерді жинақтап, бірқатар жобалардың басталуына негіз болды. Мысалы, бірінші бөлімде атқа міну мəдениеті, металлургия, дала фольклоры сынды тарих көріністері түбегейлі сипатталып, олардың ұлт тарихындағы орны мен маңызы айқындалды.

Сонымен қатар, «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны деп сипатталады. Екінші бөлімде рухани мұра, оның ішінде оқиғалардың өзара байланысы мен елеулі тұлғалар: Абай Құнанбайұлы, Əбунасыр əл-Фарабидің еңбектері аталады. Елбасының жинақтаған құнды ақпараты келешек жас ұрпаққа ұлттық тəрбиеден сусындауға мүмкіндік беріп, нағыз патриоттарды тəрбиелеуге жетелейді.

 «Ұлы Даланың жеті қыры» кезекті мақала ғана емес, тарихтың елеулі сəттері мен ортақ құндылықтарымызды қайта жаңғыртатын рухани мұра. Біз ұлт ретінде, шынайы əрі ортақ тарихи көзқарасты сақтау арқылы ғана ұлттық бірегейлікті қалыптастырамыз. Осы мақала Ұлы Даланың тарихтағы ықпалын айқындап, бізге ел ретінде жаңа белестерге ұмтылуға жолбасшы болатыны айқын. Демек, оның мазмұны мен мағынасын мектеп жасындағы оқушылар мен жеткіншектерге тереңірек түсіндіру бағытында ізденісті жұмыстарды жалғастыра беру əрбір ұстаздың азаматтық парызы деп білемін.

Гүлмира САБЫРХАНОВА,

Жамбыл атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments