Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бет101 хабарлайдыЖаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа...

Жаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз

Жаңа жылдың бенгал алауы мен әр түрлі мерекелік отшашуларсыз өтпейтіні белгілі. Жаңа жылды тойлау қарсаңында әр түрлі өрт шығу қаупі бар пиротехникалық құралдар қолданылады, олардың салдарынан өрттің шығуы, адамдардың жарақат алуы және мертігуі әбден мүмкін.

Мұндай заттарды сатып алғанда бірнеше қағиданы естеріңізде ұстаған жөн.
Пиротехниканың барлық түрі тек далада пайдалануға арналған!

– отшашуға арналған орынды таңдап алыңыз. Мұның кең ашық алаң болғаны дұрыс – мысалы, ағаштар мен құрылысы жоқ аула, бақ немесе алаң.
– таңдап алынған жерді мұқият қарап шығу керек, жанында өрт шығу қаупі бар объектілер, автомашина тұрақтары, ағаш қоралар немесе гараждар 100 метр радиуста болуы тиіс.

– отшашу кезінде айналасында түскен жапырақтар мен қылқандар, қураған шөп болмауы қажет, өйткені бұлар кенет ұшқын түскен болса, өртенуі мүмкін.
– өткір жел болған кезде желге қатысты қауіпті аймақтың көлемін 3 – 4 есеге
ұлғайту қажет.

– көрермендердің қайда болатын алдын ала ойластырыңыздар. Оларға жақсы көрінуін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек, бұл үшін оларды жел соқпайтын жақтан отшашу алаңынан 35-50 метр қашықтықта оларға жел арқылы түтін мен бұйымдардың жанбаған бөліктері ұшпайтындай етіп орналастыру қажет.

– егер сіздің аулаңыз шағын әрі тар болатын болса, онда петарда, шартылдақ, шығыр сияқты жерге жағылатын түрлерін ғана пайдалану қажет, мұндай жерде жоғары қарай ұшатын отшашу түрлерін тіпті қолдануға болмайды. Оларды тұрғын үйлер мен құрылыстардың қасында мүлде пайдалануға болмайды: олар терезеге немесе желдеткішке түсіп, шатырға өтіп, өрттің себебіне айналуы мүмкін. Ең дұрысы үйден тыс жерге барып пайдаланған жөн.

Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments