Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!
Сіздерді айрықша мәнге ие, қуаныш пен үмітке толы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткен ой жүгіртіп, атқарылған істерді саралайтын, алдағы күндерге үлкен сеніммен қадам басатын ерекше кезең. Өтіп бара жатқан жыл Жамбыл ауданы үшін де мазмұнды әрі нәтижелі болды. Ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артып, жол, тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл жетістіктердің барлығы – сіздердің адал еңбектеріңіздің, елге деген жанашырлықтарыңыздың айқын көрінісі.
Ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына, ардагерлерге, жастарға, кәсіпкерлерге, ұстаздар мен дәрігерлерге, мемлекеттік қызметшілерге және барша тұрғындарға шынайы алғысымды білдіремін. Бірлік пен ынтымақтың, өзара түсіністік пен татулықтың арқасында біз алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынымызға сенім мол.
Келер Жаңа жыл Жамбыл ауданы үшін жаңа мүмкіндіктерге, игі бастамалар мен жарқын жобаларға толы жыл болсын! Әрбір шаңырақта шаттық орнап, балалардың күлкісі мен ақсақалдардың ақ батасы үзілмесін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол ырыс-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жаңа жыл әр үйге қуаныш, әр жүрекке үміт, әр отбасына бақ-береке әкелсін!
Жылқы жылы құтты болсын!
Құрметпен,
Нұрлан ЕРТАС,
Жамбыл ауданының әкімі.
