Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған аса маңызды әрі стратегиялық шешім. Бұл қағидаттардың «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімде айқын көрініс табуы елдің құқықтық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін берік негіз қалыптастырады.
Қазақстанның унитарлы мемлекет екені және президенттік басқару нысанының нақты айқындалуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі бірізділік пен айқындықты күшейтеді. Ғалымдар мен сарапшылар тарапынан бұрыннан айтылып келген ұсыныстардың ескерілуі Конституция жобасының жан-жақты талданып, кәсіби тұрғыда әзірленгенін көрсетеді. Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық құрылымды конституциялық заңмен айқындау ұсынысы мемлекеттің тұтастығын сақтауға бағытталған маңызды норма болып табылады.
Ерекше назар аударатын тұс – халықтың егемендіктің бірден-бір иесі әрі мемлекеттік биліктің бастауы ретінде Конституцияда нақты бекітілуі. «Жалпыхалықтық референдум» ұғымының енгізілуі және халықтың билікті тікелей жүзеге асыру тетіктерінің кеңеюі азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады. Бұл өз кезегінде демократиялық қағидаттарды нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтеді.
Жалпы алғанда, жаңа Конституцияның жобасы Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және халық билігін нығайтатын, болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалдыратын маңызды тарихи құжат деп есептеймін.
Абдикеримов Еділ, Ұзынағаш ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
