бүкіл қоғамның болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды құжат. Осыған байланысты оның мазмұнына қатысты жалған әрі бұрмаланған ақпараттардың таралуы қоғамда түсінбеушілік пен сенімсіздік тудырады. Бұл азаматтардың саналы түрде пікір білдіруіне кедергі келтіріп, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Сондықтан Конституция жобасына қатысты әдейі жалған ақпарат таратқан тұлғаларды заң аясында жауапкершілікке тарту туралы пікір орынды. Бұл сөз бостандығын шектеу емес, керісінше қоғамдық жауапкершілікті күшейту және маңызды мемлекеттік құжатқа деген құрметті сақтау болып табылады. Сонымен қатар, уәкілетті органдар тарапынан ресми, ашық және уақтылы ақпарат беріліп отыруы жалған мәліметтердің алдын алудың ең тиімді жолы болмақ.
Енкелешова Мақпал


