құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Судьялардың тәуелсіздігі мен сот жүйесінің кадрлық мәселелерінің нақты реттелуі, сондай-ақ адвокатураның құқықтық мәртебесінің Конституцияда алғаш рет айқын көрсетілуі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар сот төрелігіне деген қоғамдық сенімді күшейтіп, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруға арналған тоғызыншы бөлімнің қайта қаралуы елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаларды ескеріп, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды тиімді етуге бағытталғанын көрсетеді. Бұл – жергілікті деңгейде халық пен билік арасындағы байланысты күшейтетін маңызды жаңашылдық.
Жаңа, оныншы бөлімнің енгізілуі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін нақтылау арқылы Негізгі заңның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Конституцияға өзгерістер енді тек Президенттің шешімімен және жалпыхалықтық референдум арқылы ғана жүзеге асырылатын болуы – халықтың биліктегі рөлін күшейтетін конституциялық жаңалық. Сонымен қатар, референдум өткізу бастамасын көтеретін субъектілер қатарына Халық Кеңесін қосу нормасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы сот төрелігін, жергілікті басқаруды және Негізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібін заман талабына сай жаңартып, құқықтық мемлекет қағидаттарын, халық билігінің рөлін және демократиялық механизмдерді нығайтатын маңызды реформалық қадам деп есептеуге болады.
Абдимолдаева Жанат Алиакпаровна, Жамбыл ауданының маслихат депутаты
