қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың пікірін мемлекеттік деңгейде ескеруге бағытталған маңызды қадам. Бұл институттың енгізілуі халық пен билік арасындағы диалогты күшейтіп, ел дамуына қатысты маңызды шешімдерді қабылдау барысында қоғамның кең ауқымды қатысуына мүмкіндік береді.
Бір палаталы Парламент – Құрылтай моделіне көшу заң шығару жүйесін ықшамдап, оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Құрылтайдың өкілеттіктері, заң шығару бастамасы құқығы, заң жобаларын қарау мен қабылдау рәсімдерінің нақты регламенттелуі заңнамалық процестің ашықтығы мен жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар, Үкіметтің Құрылтай алдындағы есептілігі мен жауаптылығының айқындалуы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Қазақстан Халық Кеңесіне заң жобаларын енгізу, республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру сияқты маңызды өкілеттіктердің берілуі халықтың еркін тікелей білдіру тетіктерін кеңейтеді. Ал Конституциялық Соттың тәуелсіз орган ретіндегі рөлінің сақталуы мен оның конституциялық бақылау функциясының нақты айқындалуы Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін берік құқықтық кепіл болып табылады.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасында ұсынылған бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, демократиялық қағидаттарды нығайтуға және халықтың мемлекет ісін басқаруға қатысуын арттыруға бағытталған маңызды әрі өзекті реформалар деп санаймын.
Раймбердиева Майра Онгарбайқызы, журналист
