Атамекен

 Жаңа Конституция жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде айқындалуы –

азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Бұл орган қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайтып, ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауда халықтың үнін ескеруге мүмкіндік береді.

Бір палаталы Парламент – Құрылтай моделінің енгізілуі заң шығару жүйесін жаңғыртып, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Құрылтайдың өкілеттіктері, заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің нақты айқындалуы, заң жобаларын қарау мен қабылдау рәсімдерінің жүйеленуі заңнамалық үдерістің сапасын арттырады. Сонымен қатар, Үкіметтің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есептілігінің күшейтілуі билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Халық Кеңесіне заң жобаларын енгізу және жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру сияқты маңызды өкілеттіктердің берілуі халық билігінің нақты тетіктерін қалыптастырады. Ал Конституциялық Соттың тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесінің сақталуы және оның Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету миссиясының нақты белгіленуі құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды кепілі болып табылады.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасында ұсынылған бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай жаңғыртып, демократиялық қағидаттарды тереңдетуге және халықтың мүддесін қорғауға бағытталған маңызды реформалар деп есептеймін.
Дегерес ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Аманжолов

Exit mobile version