Пятница, 6 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын таныстыру және оның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау мақсатында Жамбыл ауданында кеңейтілген жиын өтті.

Аудан әкімі Нұрлан Ертаұлының төрағалығымен өткен басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Мадияр Орынтайұлы баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының мазмұны, онда ұсынылған өзгерістер мен жаңашылдықтарға кеңінен тоқталды. Ол құжатта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды нормалар қамтылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға, заң үстемдігін күшейтуге және мемлекеттік институттардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға негізделгені айтылды. Бұл өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Қияс Ерсейітұлы, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ мекеме және бөлім басшылары қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасы төңірегінде өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңейтілген жиын барысында айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлер жинақталып, тиісті органдарға жолданатын болады. Бұл өз кезегінде Конституция жобасын жетілдіруге және оны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарына серпін бермек.

«Атамекен-ақпарат»

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments