Site icon ATAMEKEN

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Құқықтық мемлекет – заң үстемдігі қамтамасыз етілген, адамның құқықтары мен бостандықтары қорғалатын мемлекет. Жаңа Конституция осы қағидаларды одан әрі нығайтуға бағытталған.

Негізгі заңда мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақты айқындалып, олардың халық алдындағы жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған құқықтық тетіктер енгізілді.

Сонымен қатар Конституция азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, қоғамдық бақылау институттарын дамытуға және азаматтық қоғамның рөлін арттыруға негіз болады.

Құқықтық мемлекет құру – бір күндік жұмыс емес. Ол заңдардың тиімді орындалуына, мемлекеттік органдардың ашық қызметіне және азаматтардың құқықтық мәдениетіне тікелей байланысты.

Exit mobile version