Мәтібұлақ ауылдық округі
Шилібастау ауылында кездесу өтті
Шилібастау ауылында «Жаңа Конституция – әділетті қоғамның кепілі» тақырыбында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру және тұрғындармен ашық пікір алмасу болды.
Кездесу барысында конституциялық реформаның бағыттары жан-жақты баяндалып, Конституциялық комиссияның атқарған жұмыстары туралы мәлімет берілді. Ұсыныстардың сараланып, қоғамдық талқылау кезеңінен өткендігі және азаматтардың ой-пікірлері ескерілгені ерекше атап өтілді.
Шарада Шилібастау орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Боталиева Алмагүл Қоғабаевна сөз сөйлеп, Ата заңға енгізілетін өзгерістердің ел дамуына серпін беретінін жеткізді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары алдағы референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам екенін айтып, белсенділік таныту қажеттігін білдірді.
«Жаңа Конституция – әділетті қоғамның кепілі»
RELATED ARTICLES


