І топ – айына 3 м3 дейін су тұтынатын азаматтар қоданыстағы тарифпен төлейді. (Халықтың 49%-ын құрайды);
ІІ топ – айына 3-тен 5 м3-ке дейін су тұтынатын тұтынушылар үшін қолданыстағы тарифтің үстіне +20% қосылады. (Халықтың 20%-ын құрайды);
ІІІ топ – айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін су тұтынатын тұрғындар үшін қолданыстағы тарифке +50% қосылады. (Халықтың 20%-ын құрайды);
ІV топ – айына 10 м3 астам су тұтынатын азаматтардың төлемі 100%-ға немесе 2 есеге көтеріледі. (Халықтың 11%-ын құрайды).
Енді жаңа тариф бойынша тіршілік нәрін көп пайдаланатындардың есебінен шамамен 13 млрд теңге қосымша кіріс кіреді дейді.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР су ресурстары және ирригация министрі:
— Ел экономикасындағы жер асты суларының әлеуетін арттыруға және олардың пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған ұлттық гидро-геология қызметі құрылуда. Елімізде экономика саласын қажеттілерін қанағаттандыру үшін жыл сайынғы су тұтыну шамамен 25 текше шақырымды құрайды.
Ал тариф бағасы өссе, суға тікелей қатысты қызмет түрлері де қымбаттауы мүмкін. Өйткені, қайта өңдеуге арналған сүзгіні қою көптеген кәсіп иелеріне оңай емес екен.