Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетNur OtanЖаңа Қазақстан – жаңаша көзқарас

Жаңа Қазақстан – жаңаша көзқарас

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі ел еңсесін көтеріп, болашаққа деген нық сенімді оятқандығы анық. Дана халқымызда «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» деген қанатты сөз бар. Бұл нақыл тыныштықтың бұзылып, ел бірлігіне сызат түскен дәл осындай кезеңде айтылса керек.
Қиын-қыстау шаққа тап келгенде тұтас бір елді сақтап, қорғаудың жолында қашанда ер азаматтар жүреді емес пе? Ел Президентінің дәл осындай қиын кезеңде тәуекелді шешім қабылдап, жас мемлекетімізді сақтап қалғандығын үлкен жеңісіміз деп білемін.
Мемлекет басшысы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде нақты міндеттерді жариялады.
Еліміздің қауіпсіздігін нығайту, құқық қорғау органдары жүйесін реформалау, заман талабына сай бағдары бар нарықтық экономиканы құру, қаржы нарығын реттеу, ауылшаруашылығын дамыту, жастарды жұмыспен қамту, техникалық мамандықтарға басымдық бере отырып шетелдік 5 университеттің филиалын ашу, әлеуметтік қолдау, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру және т.б. бойынша тапсырмалар берілді. Бұл мәселелер таяу уақытта қолға алынып, шешімін табатынына сеніміміз мол.
Біз ежелден еркіндік аңсаған, «ел іргесі сөгілсемін», «ағайын-туыс, ел мен жер аман болсын» деген халықпыз. Бірлігі мықты елдің озатындығын, бірлігі жоқ елдің тозатындығын естен шығармауымыз керек.
Жақсы, ізгі амал жасасақ, жаңалық ашсақ, өз саламызды дамыту жолында қыруар іс атқарсақ – барлығы ел игілігі үшін! Болашақ үшін! Болашақты жасайтын жас ұрпақ үшін! Жаңа Қазақстанның болашағын жасау елдің әрбір азаматының қасиетті парызы деп білемін. Мақсатымыз айқын – бірлесе отырып жаңа Қазақстанды құру, мемлекет басшысының реформаларының жүзеге асуына толық қолдау көрсету.

Райхан Жәнібекова,
Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments