Site icon Атамекен

Жеке тұрғын үй қорындағы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы

Real estate agent handing over a house key, desktop with tools, wood swatches and computer on background, top view

Жеке тұрғын үй қорындағы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы азаматтардың әлеуметтік осал топтары санаттарына жеке тұрғын үй үшін жалдау ақысының 50% мөлшерінде субсидиялар төлеуді білдіреді. Жалға алу құнының қалған 50% — алушылар өздері төлейді.

Тұрғын үйге кезекте тұрған Қазақстандықтар мемлекеттің қолдауына төрт санат бойынша үміткер бола алады:

  1. 1 және 2 топтағы мүгедек тұлғалар
  2. мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
  3. жетім балалар
  4. көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

2024 жылы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы аясында ХӘОТ үшін 125 млн. теңге бөлінді. «Отбасы банк» АҚ ақпаратына сәйкес берілген өтінімдердің жалпы саны — 9346, мақұлданған өтінімдер — 1738, төлем — 843 қатысушыға тағайындалды. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы субсидиялау бойынша жалдау ақысын — 116 млн. теңгені игерді.

2025  жылы  жоғарыда  аталған  бағдарламаны  іске  асыру бойынша  төлемдерді   одан  әрі  жүзеге  асыру  үшін,  Алматы облысында   кезекте  тұрған азаматтарға  субсидияны  төлеуге  160 млн.теңге  бөлінді.

 

Exit mobile version