Атамекен

Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың парызы!

2025 жылдың 23 маусым күні Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Бұл шара қоғамда адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын дәріптеп, мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыруға бағытталды.

Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары мен сала ардагерлері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда:
“AMANAT” партиясынан Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Абилов Армандос Ақылдосұлы
Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Смағұлов Аяз Есентайұлы
Жамбыл ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау капитаны Рахимжанов Бейбіт Мұрасұлы
Алматы облысы ТЖД ардагері Джанаев Айбек Адильбекович

Кездесу барысында қатысушылар келесі мәселелерге баса назар аударды:
✔ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары
✔ Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру
✔ Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін сақтау

Мақсат – әділетті қоғам құру және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенім көпірін нығайту.

Шара аясында аудандық ТЖБ бастығы Бейбіт Мирасұлы Рахимжанов қонақтарды бөлімше қызметімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен ақпарат берді.

Осындай ашық пікір алаңдары азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара ынтымақтастығын күшейтеді.

Exit mobile version