Site icon Атамекен

Жемқорлық дерті қауіпті

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жəне оның алдын алу – баршаның міндеті.

Бүгінгі таңда мемлекет үшін де, əрбір адам үшін де ең күрделі мəселе – сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бірбіріне ұқсамайтын əлемдегі барлық елдердің қай қайсысын болса да қатты алаңдатады. Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең қауіпті түрі. Қоғамның əрбір мүшесі, Қазақстанның əрбір азаматы осы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті. Оның барысын басты қадағалау – заң қызметкерлері тарапынан болуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлық мəселесі дамыған мемлекеттердің өзінде қоғамның өзегіне түскен жегі құрт саналады. Етек жайып бара жатқан бұл індетті жою оның табиғатын ғылыми түрде зерделеп, анықтауды қажет етеді. Əрине, көп қырлы, күрделі сыбайласқан жемқорлықтың шығу көзін анықтаудың əртүрлі жолдары бар. Тіпті, онымен күрестің негізі болып табылатын сыбайлас жемқорлық туралы ортақ ұғымды қалыптастырудың өзі күрделі эволюциялық үрдіс. Мəселен, халықаралық құқықтың бірқатар дереккөздері біздің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңымызға қарағанда сыбайлас жемқорлыққа кең ауқымды анықтама беріп, оған байланысты қылмыстардың аясын кеңейтуді ұсынады.

Сонда, жемқорлықтың пайда болу себептері қандай? Біздің елімізде бұл қауіпті құбылыстың орын алуына қандай факторлар əсер етеді? деген сұрақ баршаны алаңдатады деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар қиындықтар туындайды. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себебі ме, əлде салдары ма деп дал болатынымыз да анық. Оны анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы себептері жүйеленіп, мынадай жіктілім ұсынылады: əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мəдени-этикалық сипаттағы факторлар.

Қызметшілерге жеке тоқталатын болсақ, қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа жол беруі, қылмыс жасауы жəне осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының басты себебі, ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, əдептілік ұстанымының төмендігіне байланысты болса керек. Кей қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кəсіби əдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы парақорлықтың дендеуіне септігін тигізеді.

Айналасындағы салауатты, таза жəне сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын заңсыз əрекеттермен қоғамдық ортаның жəне мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кəсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өз қолында. Бұл дерттің алдын алып, оның қоғамға таралу жолдарын кесіп, ұлғаюына жол бермеу əр қызметкердің азаматтық борышы.

Демек, баршамыздың басты міндетіміз – жемқорлыққа, сыбайластыққа қарсы саясат жүргізу, мемлекеттік ұйымдардағы, бюджеттік мекемелердегі, ұлттық компаниялардағы кадрлармен жұмыстарды жетілдіру, жемқорлыққа қарсы біртұтас медиастратегияны жүзеге асыру қажет деп ойлаймын.

Берік ҚОЛҒАНАТОВ,

ҚР АШМ ВБжҚК Алматы облысы, Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы.

Exit mobile version