Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖемқорлық себептеріне жете үңілу керек

Жемқорлық себептеріне жете үңілу керек

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа қатысты мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу жəне мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондайақ аталмыш тұлғаларға жеке жəне заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дəрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады. Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді əрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нəрселер: – Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пəтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері жəне өзге жылжымайтын мүлік. – Қызмет түрлері жəне олжа – емделу, жөндеу жəне құрылыс жұмыстары, санаторлық жəне туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды өтеусіз немесе төмен бағамен төлеу. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нəтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық рəсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы – сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлғамен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады. Алайда, қандай да бір құбылысқа қарсы тұруға шақырмас бұрын, сол құбылысты анық жəне нақты түрде анықтау қажет жəне ол жамандықтың шығу себептері мен механизмін талдап қарастыру керек.

Е.ҮСТЕЛБАЕВ, Жамбыл аудандық сотының төрағасы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments